НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ 2020 – 2021 оқу жылына бірінші
сыныпқа өтініштерді қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» egov.kz порталында ағымдағы жылдың 1 маусымынан 1 тамызына дейін қолжетімді болатынын хабарлайды.
1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
2. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.
Қызметті онлайн алу:
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):
1. Ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші;
2. Көлемі 3х4 см 2 дана баланың сандық фотосуреті;
3. № 063/е, № 026/е-3 және №079/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;