Азат орта мектебінде Халықаралық ана тілі аясында «Мың бала» республикалық
мәдени – ағартушылық жобасына сай іс-шаралар өткізілді. Біздің мақсатымыз басқа
ұлт оқушыларын мемлекеттік тілді үйренуге баулу. Бұл іс-шараға 67 оқушы
қатысты. Мектептің сынып оқушылары өз шамаларынша өнерлерін көрсете білді,
өздерінің білетін қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын басқа ұлт
оқушылары көрсете білді. Ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің нышанын
білдіреді.
Мысалы өз өнерімен көзге түскен өзге ұлттан
11 сынып оқушысы Масюк Наташа, 8 сынып оқушысы Нагомерзаева Седа, 7 сынып
оқушылары Абишев Эльдар мен Шарова Дарья, 9-сынып оқушысы Жумабаева Алина мен
Айтжанов Дамир сияқты басқа да оқушыларымыз өте белсене қатысты.
Бастауыш сыныптарда ЭКСПО-2017 жайлы әңгіме сағаттар мен
викторина сұрақтар өткізілді.
Мектебімізде осы шараның аясында 5-11 сыныптар арасында ұлттық ойындар
өткізілді. Айта кетер болсақ, тоғызқұмалақ, асық ойындары т.б