Педагог кәсібінің мәртебесін
арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістігі бар шығармашыл педагогтарды
даралау мақсатында ұйымдастырылған республикалық
«Үздік педагог – 2017» байқауының жеңімпазы Айнур
Мұрабекқызы жеңісімен құттықтаймыз!
Ұстаз… жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,жақындарына да, жат адамдарына
да әділ…, жұрттыңбәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп… қорқыныш пен жасқану
дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
/Әл-Фараби/
Байқауға қатысуға еліміз бойынша өтініш
білдірген 4 үміткердің ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шықты. 2017жылдың 6 сәуірінде арнайы комиссияның іріктеуі нәтижесінде қазақ
тілі мен әдебиетінің мұғалімі «Үздік
педагог – 2017» атағын иеленді. Әр жеңімпазға арнайы Алғыс хат табыс етілді.Байқауға
әр әдістеме бірлестіктен мұғалімдер қатысты.Олар Физика, информатика мұғалімі
Абишев Александр Айтболатович, математика мұғалімі Аманжол Меруерт, қазақ тілі
мен әдебиетінің мұғалімі Айнұр Мұратбек және физика мұғалімі Берденбек Махбоз
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі,
мектебімізде білім беруді дамытуға қосқан үлесі, оқушылар мен тәрбиеленушілер
жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі,
педагогтың кәсіби шеберлігі сыналған сыннан сүрінбей өткен әріптесімізбен
мақтанамыз!
Айнұр Мұратбекқызы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің түлегі,Ш.Уалиханов
атындағы Көкшетау университетнің 3 курсында сырттай білімін жалғастыруда.
Алғыр ұстаздың мәртебесін асқақтатқан еңбегі бір жылдың ғана жемісі емес. 2015
жылы «Фариза,Фариза жан»республикалық байқауына қатысып, Құрмет грамотасымен
марапатталса, оқытушының ұстаздық ұлағаты мен педагогикалық шеберлігі оқушылар назарынан
да тыс қалмады. Сол жылы оқушылар арасында
жүргізген сауалнама нәтижесінде Айнұр Мұратбекқызы «Ең мейірімді ұстаз» атанды.
Шәкірттері – республикалық, облыстық,
аудандық сайыстардың жүлдегерлері.
Айнұр Мұратқызы 2016 жылы ««Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнін денгейлеп –саралап оқыту технологиясы
негізінде құрастырылған оқушының өздік жұмыс дәптері » және «Үстеу
.үстеудің мағыналық топтары» атты әдістемелік құрал құрастырып, аудан көлемінде
өз іс тәжірибесін таратты. Осы жылдан бастап әдістемелік құрал облыстық
деңгейде қолдануға ұсынылды.
Бақытын еңбектен тапқан Айнұр «Үздік
педагог – 2017» мектепішілік байқауында
жүлделі І орынды иеленіп, байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.
Ұстаздардың ұстазы, аудандық «Үздік педагог – 2017» байқауына жолдама
иеленген Айнұр Мұратбекқызына шығармашылық табыс, еңбегіне жеміс тілейміз!!!
Құрметпен, Азат орта мектебінің
педагогикалық ұжымы
Арман ұстаз – ұлы жан
Арман! Ұстазым! Әрдайым нұрлы
ақылшым,
Белсенді ұстаз, жаныңыз қайсар батыл шын.
Бойында барлық білімнің нәрін төгетін
Жүрекке жылы, ұстазым менің жақынсың!
Қуанышыңыз құтты болсын ардағым,
Ұлылар салған, ұлы жолдарды жалғадың.