«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық
педагогикасы»
атты дәстүрлі онкүндігінің ашылуы мектебімізде салтанатты
жиынмен басталды.
Мектеп кітапханашысы ұйымдастыруымен « Мейірім төгетін ана» атты көрме
қойылды. Кітап көрмесі білім алушылардың құндылықтармен рухани білім
бағдарламасы авторы С.А. Назарбаева туралы білу аясын кеңейтті. Мектеп
кітапханашысы Бопо Р. Қазақстандағы рухани құндылықтар туралы әдебиеттермен
таныстырып, өзін-өзі тану пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттерін атап өтті.
Пән туралы білім алушылардың ойымен бөлісу мақсатында әңгімелесу ұйымдастырды.
«Патриотизм деген не?»
деген тақырыпта Нисав М. – және 11 сыныптарда пікірталас сабақ жүргізді.
Балалар Отанға деген махаббат пен патриотизм жайлы ой қозғады.
«Махаббатқа толы жүрек» атты білім алушылар арасында көркем сөз оқу сайысы
өткізілді. Махаббат, мейірім, достық және бейбітшілік туралы өлеңдерді оқушылар
тебірене, мәнерлей жырлады.
Бұдан әрі махаббат пен мейірім жайлы шығармашылық сауалнама жүргізілді.
Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері «О доброжелательности», «Мөлдір бұлақ
- жасыл құрақ» сынды тақырыптарда ашық
сабақтар жүргізді. Сабақтарда білім алушылар шығармашылықтарын, топта жұмыс
істей алуын, қисынды ойлауды, өз ойын жеткізуін көрсетті. Сабақтар қызықты әрі
тартысты өтті.
«Өзін-өзі тану: махаббат пен
мейірім елі» атты қабырға газетінде білім алушылар белсенді қатысып, берілген
тапсырмаларды ыждаһатпен орындады. Сонымен қатар «Менің әлемім» атты
шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылып, балалар өздері жасаған
фотоколлаж, суреттер, апликациялар және өздері жазған өлеңдері қойылды.