"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастарға жаңашылдық жарасады

04.02.2019

Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастарға қатысты барлық мәселелерді шешу жолын ұсынып, Үкіметке тиісті тапсырмалар берді.Әсіресе ауыл жастарына да қолдау нақты айтылды.  «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандарға төленетін жәрдемақы 100 айлық есептік көресткішке көбейеді  және «Жас кәсіпкер» жобасы да үлкен қолдау болмақ. Ауыл жастары да бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға тиіс. Елбасы Жастарымызға  отбасылық тәрбиені жоғары сыныптан бастап үйрету керектігіне тоқталды. Бұл өз кезегінде жастарымыздың болашақ отбасы, отан алдындағы ата-ана ретінде отбасы құндылықтарын сақтауда өз  жауапкершілігін  арттыратын болады. Осы орайда аудан жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан » жастар қанаты  да ауданның белсенді жастарының басын қосып, Жастар жылына қатысты игі –шараларға өз үлестерін қосатынына үміт артамыз.

  Ауданымызда білім беру, денсаулық, мәдениет, спорт басқа да салаларда қызмет атқарып жатқан жастарымыз баршылық. Солардың жасап жатқан қызметін халыққа ақпарат құралдары арқылы насихаттау, қолдау көрсету керек. Осы тұрғыдан айта кетсем мектебімізде  ІТ сыныптар бойынша 8-16 жас аралығында информатикадан үйірме ашылды. Балаларды бағдарламалау, робот техникаға, моделдеуге информатика мұғалімдері А.А.Абишев пен Б.Махбоз  оқытатын болады.

  Айта кетсек, ауылымыздың жастары бос уақыттарын спорт залында волейбол ойынымен тұрақты айналысады. Салауатты өмір салтын ұстанады. Өткен оқу жылында бітірген 10 түлектің 6-ы грант негізінде Астана, Көкшетау қаласында білім алып жатыр.ЖОО-ның атынан мақтау,Алғыс хаты мектебімізге, ата-анасының атына  келіп жатыр. Атап айтсақ, Болатхан Ақерке, Саяхат Аманжан  т.б. Бұл   тәлім-тәрбиенің дұрыс берілгендігінің бір көрсеткіші. Мектебімізде жас ұстаздар Әскерхан Ауғанбай, Тойлан Асылболат,Едилипова Дарья  еңбек жолын шәкіртерді тәрбиелуде  табысты бастады. Қоғамның әлеуметтік салаларында цифрландыруды енгізуде бұл міндетті жастарымыз абыроймен атқара алатын болады.

   Сондықтан жастарымыздың терең білімі жарқын болашақтың кепілі болмақ.

            

 

 

 

          Серікберген Ж.- Азат орта мектебі директорының

                                     оқу ісі жөніндегі орынбасары 

Просмотров: 572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст