Текст
12.01.2026
2026 жылдың 12 қаңтар күні Азат орта мектебінде «Тарих – халықтың тірі жады» атты тарих апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Бұл шара – өткен мен бүгінді жалғаған, жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруға бағытталған тағылымды апталықтың бастауы болды. Ашылу салтанатында оқушылар мәнерлеп оқып,өз өнерлерін көрсету арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Тарих апталығының басты мақсаты – оқушыларды өз елінің бай тарихын құрметтеуге, ата-бабалар ерлігін ұлықтауға және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуында тарих пәні мұғалімдері Әскерхан Ауғанбай, Абасс Елизавета Эдуардовна сөз сөйлеп, жас жеткіншектерге білім мен тарих жолында табыс тіледі.