2024 жылғы 10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Байқаудың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Аталмыш байқауға Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары Саяси Әсемай және Ерболат Балжан «Ақмола облысындағы ауылды аймақтардың дамуына агротуризмнің әсері» тақырыбында жобаларын қорғап, жүлделі ІІ орын дипломдарымен күміс медальға ие болды. Жетекшісі география пәнінің мұғалімі Суханберді Бақытжан Сайдоллаұлы. Құттықтаймыз!